Сапарларың сәтті болсын, сайыпқырандар!
Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:38
Олимпиадаға 9 күн қалды
ХХХ Жазғы Олимпия ойындарына Алматы облысынан 10 спортшы лицензия ұтып алғаны мәлім. Сындарлы сәтте ел намысын қорғап, көк байрағымызды Лондонда желбіретуге талпынатын сол спортшыларымызбен Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов кездесіп:
– Елбасы ХХХ Жазғы Олимпия ойындарына қатысатын спортшыларды қабылдап, еліміздің көк байрағын біздің жерлесіміз, грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрмахан Тінәлиевке тапсырғанын дүйім жұрт көрді.
Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:38
Олимпиадаға 9 күн қалды
ХХХ Жазғы Олимпия ойындарына Алматы облысынан 10 спортшы лицензия ұтып алғаны мәлім. Сындарлы сәтте ел намысын қорғап, көк байрағымызды Лондонда желбіретуге талпынатын сол спортшыларымызбен Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов кездесіп:
– Елбасы ХХХ Жазғы Олимпия ойындарына қатысатын спортшыларды қабылдап, еліміздің көк байрағын біздің жерлесіміз, грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрмахан Тінәлиевке тапсырғанын дүйім жұрт көрді. Бұл – үлкен құрмет. Сол сенім биігіне Нұрмахан Тінәлиевпен бірге сіздер де шығып, Жазғы Олимпиада төрінен көк байрағымызды желбірете береді деген үміт артамын. Спорт – кез келген мемлекеттің халықаралық аренадағы атын шығарып, беделін, даңқын асқақтататын дода. Сондықтан, облыс қана емес, ел намысын қорғайтын спортшыларымызға, яғни сіздерге төрт жылдықтың дүбірлі додасы – Олимпия ойындарына алаңсыз дайындалуларыңызға барлық жағдайды жасағанымызды білесіздер. Енді бар үмітімізді сіздерге артып, жеңісті күндерде жолығуды күтеміз, – деді.
Санаулы күндерден соң алауы жағылатын Олимпия ойындары жақындаған сайын спорт сүйер қауым тағатсыздана күтіп, әліптің артын бағуда. Өйткені, бұл – спорт. «Балапанды күзде санайды» деген де сөз бар емес пе қазақта. Үлкен үміт артумен қатар, спортшылар көңілдерін тағы бір мәрте көтере білген А.Мұсаханов Жазғы Олимпия ойындарына қатысатын спортшылар мен жаттықтырушыларға ақшалай, заттай сыйлықтар тапсырып, сәтті сапар тіледі.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.