Экономика • 21 Сәуір, 2019

Алматыда Hyundai автокөлігін шығаратын зауыт құрылысының алғашқы іргетасы қаланды

488 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алматыда Hyundai автокөлігін шығаратын қазақстандық-кореялық зауыт құрылысының алғашқы іргетасы қаланды

Алматыда Hyundai автокөлігін шығаратын зауыт құрылысының алғашқы іргетасы қаланды

Оған ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, Оңтүстік Кореяның сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі Сон Юн Мо, Нyundai Мotor Сompany стратегия жөніндегі президенті Конг Ян Вун, Astana Group компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов қатысты.

Зауытты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласының индустриялық аймағы аумағында «Астана Моторс» компаниясы салатын болады.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр атап өткендей, бұл жоба елімізде автомобиль жасау индустриясы саласын дамытудағы стратегиялық маңызды қадам.

«Зауытта 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады, аталған кәсіпорынның өнімі ішкі нарыққа да, үшінші елдерге экспорттауға ба бағытталатын болады», — деп атап өтті Роман Скляр.

Кәсіпорынның қуаттылығы бірінші кезеңде 30 мың автокөлікті құрайды, ал екінші кезеңде жылына 45 мың автокөлікке дейін артады. Бұл қазақстандық нарықты сапалы әрі қолжетімді Hyundai маркалы жеңіл автомобильдермен молайтуға, сондай-ақ оларды ТМД елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді. Жоба инвестициясының жалпы көлемі 25 миллиард теңгені құрайды. Өз қаражатынан бөлек коммерциялық шарттар бойынша займ қаражаты тартылатын болады.

Зауытта дәнекерлеу, бояу, құрастыру, пластикалық панельдерді өндіру цехтары және сапаны бақылау учаскесі болады. Кәсіпорын Оңтүстік Корея мен Жапония елдерінің жаңа технологиялық жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Зауытта Hyundai модельдік қатары жиналады. Бірінші кезеңде Accent модельдерінің толық циклін өндіру жолға қойылады, кейін Creta модельдерін өндіру желісін іске қосу жоспарлануда.

ЕАЭО елдерімен ынтымақтастық пен өнеркәсіптік кооперацияның арқасында құрастыруды шоғырландыру 50%-ға жетеді. Болашақта автокомпоненттер өндіретін зауыт салынады. Бұл Қазақстанда шоғырландыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

2019 жылдың соңына дейін өндірістік цехтар салу жоспарлануда, ал 2020 жылы зауыт конвейерінен бірінші автокөлік шығады.

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек зауыт құрылысына барлық инфрақұрылымы бар 25 га жер бөлінгенін атап өтті. Қазіргі кезде Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта 144 млрд теңгенің 39 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жапондық, неміс пен қытайлық, ресейлік капиталдардың қатысуымен 5 зауыт ашылды. Биыл инвестициялар көлемі 367 млрд теңгеге жуықтайтын тағы 4 кәсіпорын ашу жоспарланған, оның ішінде болат құбырларын шығаратын қазақстандық-қытайлық ірі «Asia Steel Pipe» зауыты бар.