Елбасының әлеуметтік бастамаларын түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстанға келген үкіметтік делегацияның жұмыс сапары Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасын аралаудан басталды. 325 төсек-орынға шақталған ауруханада заманауи жабдықтармен жарақталған Политравма және ортопедия орталығы ашылды. Мамыр айында еліміздегі алғашқы нейрохирургияға арналған гибридті ота жасау бөлмесі ашылмақ.

Жұмыс сапары Өскеменде жалғасып, ресми топ өкілдері әуелі облыстық мамандандырылған медициналық орталықта роботтандырылған хирургия орталығының жұмысымен танысты. Бас дәрігер Юрий Старокожев бір жылда 200-ден астам науқасқа ота жасағандарын айтты. «Роботтандырылған хирургия отаның дәлдігін арттырып, жарақаттың жеңіл әрі операциядан кейінгі ем-домның сапалы болуын қамтамасыз етеді», дейді ол.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде облыс активімен кездескен Премьер-Министрдің орынбасары Елбасы тапсырмасымен қабылданған «Әлеуметтік қамқорлық» кешенді бағдарламасының нәтижесінде өзекті әлеуметтік бастамалар қолға алынғанын атап өтті.
Бүгінде облыста 26 146 көп балалы отбасы тұрса, оның 14 159-ның балалары кәмелетке толмаған. Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, кешенді бағдарлама аясында 46 мың адам атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізбек. Мамыр айынан бастап облыстағы көп балалы отбасылар (3 жарым мың) балабақша төлемінен босатылады.
Үкімет басшысының орынбасары шаһардағы көп балалы отбасылардың үйіне барды. Жібек жолы көшесінде тұратын Нұрлан Жетпісовтің жұбайы өмірден ерте озып, бүгінде бес балаға өзі бас-көз болып отыр. Бірнеше жыл пәтер жалдаған Өскемен тұрғынына «ВК Техногрупп» ЖШС-сі өздері салған көпқабатты үйдің бірінші қабатынан екі бөлмелі пәтер сыйлады. «Қыздарымның үлкені 10-сыныпта, кенжеміз 1-сыныпқа барады. Бас ауыртқан баспана мәселесі шешіліп, қуанышқа кенеліп жатырмыз», дейді қайсар әке. Вице-премьер ат басын тіреген екінші отбасы – қала шетіндегі жер үйде 12 бала өсіріп отырған Черкашиндер әулеті. «Родничок» шаруа қожалығының басшысы А.Митин бұл отбасына көмек қолын созып, құрылыс материалдарын сатып әперіпті. Алтай ауданында тұрған Черкашиндер отбасы Өскеменге былтыр көшіп келген. «Үйіміз таудың етегінде. Әуелде шағын болатын, өз күшімізбен ақырындап кеңейтіп жатырмыз. 0,2 гектар бақшамыз бар. Мамандығым – геолог. Алтайда тұрғанда «Қазцинкте» жұмыс істегенмін. Аздап ешкі ұстаймыз. Қыздар соны сауып, сүтін сатады. Ұлдар қорадан шықпайды. Баланың көп болғаны қолыңды жұмыстан босатады. Бұған дейін ешкімге қол жайған жоқпыз. Өз отбасыма өзім жауаптымын деп санаймын», деді отағасы. Г.Әбдіқалықова көпке үлгі боларлық екі отбасына да ризашылығын білдіріп, 150 мың теңгенің қаржылай сертификатын табыс етті.
Премьер-Министрдің орынбасары жұмыс сапары аясында Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевпен бірге Өскемендегі жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысты. Орталық қызметкерлері құжаттарды онлайн қабылдау жүйесі 30 сәуірде тоқтатылмаса екен деген тілектерін білдірді. Өйткені Өскемендегі 2157 көп балалы отбасының тек 248-іне ғана жаңа форма бойынша АӘК тағайындалыпты. «Қажет болса, уақытын созу қажет. Құжат жинауда түрлі кедергілер бар екенін білеміз», деді Г.Әбдіқалықова.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы үкіметтік делегацияның қатысуымен Өскеменде өтті. Барлық облыс пен Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары әкімдерінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасарлары қатысқан бейнережімдегі жиында 2025 жылға дейінгі жаңа Ұлттық жоспардың жобасы талқыланды. Үкімет басшысының орынбасары елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау бағытында біршама жұмыс қолға алынғанымен, түйіні тарқамаған мәселелер бар екенін, азаматтардың аталған санаты қоғамдық көліктерге мініп-түсуде, түрлі ғимараттарға кіруде, жоғары қабаттарға көтерілуде әуре-сарсаңға түсіп жүргенін тілге тиек етті. Б.Сапарбаев 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар 7 бағыттан тұратынын, осы уақытқа дейін азаматтардан 400-ге жуық ұсыныс түскенін, өтініш-тілектер министрліктің ресми интернет сайтында қабылданатынын атап өтті.
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 11:50
Ислам ойындарында Қазақстандық жүзуші алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Коронавирустан емделіп жатқан 9 науқастың жағдайы өте ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:45
1737 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 10:10
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Бір тәулікте 1239 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар