Компания бүгінде Шымкент қаласында орналасқан матор майларын шығаратын «HILL» ЖШС, «Стандарт цемент» ЖШС, «Шымкентцемент» АҚ, бетон өнімдерін шығаратын «Нур-Строй» ЖШС, «Ордабасы Құс» және «Шай әлемі» ЖШС өнімдерін қолдануда.
Қала әкімі компания өкілдерін жергілікті өнімдер үлесін арттыра отырып, Шымкенттегі бизнесті дамытуға өз үлестерін қосуға және қалада орналасқан өндіріс орындарының жұмысымен танысып, олармен келісімге отыруға шақырды.
Айта кетейік, 2018 жылы ТШО тарихында рекордты 3,5 миллиард АҚШ доллары болатын сомаға қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алған.