Спорт • 22 Сәуір, 2019

Бокстан Азия чемпионаты: Үшінші жарыс күнінің қорытындысы

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Бангкокте өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші жарыс күні басталды. Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі қазақстандық спортшылардың онлайн-нәтижелерімен бөлісті.

Бокстан Азия чемпионаты: Үшінші жарыс күнінің қорытындысы

52 келіде сынға түскен Әнуар Мұзапаров үшін құрлық додасы аяқталды. Ол қырғызсатндық тәжірибелі боксшы Азат Үсенәлиевке жол берді. 

Бұл Қазақстан ерлер командасы сапындағы алғашқы жеңіліс. 

69 келідегі Асланбек Шымбергенов келесі кезеңге өтті. Оның 1/8 айналымдағы қарсыласы, тайландтық Сайл Ардии жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. 

81 келідегі Бек Нұрмағанбет кувейттік Бадер Альмутариді айқын басымдықпен жеңді. Төрешілер екінші раундта жекпе-жекті тоқтатты. 

51 келідегі Назым Қызайбай төрешілер шешімімен өзбекстандық қарсыласынан басым түсті. Кезекті жеңіс. 

Сондай-ақ, 60 келідегі Зәкір Сафиуллин мен Рима Волосенко тиісінше Вьетнам мен Сингапур спортшыларын жеңіп, құрлық біріншілігінің ширек финалына жолдама алды.