Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы бұл жетістігі үшін шын қуанышты екенін айтады.
«Өз нәтижем көңілімнен шығады. Осыған дейінгі төккен тердің зая кетпегені қуантады. Әрине, жарыс кезінде қиындықтар кездесті. Алайда, қандай да бір нәтижеге қол жеткізгің келсе, бәрін де жеңуге болады. Жарыстағы басты қарсыластарым деп жапон спортшыларын атасам болады. Өз еліндегі Олимпиада қарсаңында олар қарқынын арттыра түсуде. Дегенмен, мен өз күшіме сенімді болдым. Лицензия иеленгенім қуантады, бірақ бұл Олимпиада ойындарына дайындықтың бір кезеңі екенін ұмытпаған жөн. Алда әлі сынақ көп», - деді Худяков.