Біздің спортшы 400 метрге жарысудан жүлдеге ілікті. Ол аталған қашықтықты 53.18 секундта жүгіріп өткен.
Бірінші орында бахрейндік Сальва Насер (51.34), үшіншы сатыда үндістандық Пувама Раджу Мачеттир (53.21).
Айта кетелік, Михаил Литвин ерлер арасындағы финалдық бәсекеге жолдама алды. Жартылай финалда ол 400 метрді 45.38 секундта жүгіріп өтіп, Қазақстан рекордын орнатты.