Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Осы аптада өтетін мәдени және спорттық іс-шаралар

493 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты 22-28 сәуір аралығында елорданың мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынады.

Осы аптада өтетін мәдени және спорттық іс-шаралар

 Тәуелсіздік сарайы

22-28 сәуірде сағат 10:00-18:00-де – «Ақанаевтар әулеті» жеке көркем көрмесі

22-28 сәуірде сағат 10:00-18:00-де – «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнер көрмесі

22-28 сәуірде сағат 10:00-18:00-де – Мараш Кениеваның  «Өмірім - менің өнерім» атты көрмесі

22-28 сәуірде сағат 10:00-18:00-де – Аманат Назарқұловтың жеке көрмесі.

22-28 сәуірде сағат 10:00-18:00-де – «Ұлы дала мұрасы» атты қолданбалы өнер көрмесі

22-28 сәуірде сағат 10:00-18:00-де – Руслан Жүнісов пен оның шәкірттерінің «Кіші пластика» атты көрмесі

22-28 сәуірде сағат 10:00-18:00-де – «Іздер» көрмесі.

22-28 сәуірде сағат 10:00-18:00-де – Гүлнұр Аскерованың «Мөлдір рең» атты жеке көрмесі

25-28 сәуірде сағат 10:00-18:00-де – Вадим Быковтың «Қас – қағым сәт, аялда, сен ғажапсың!» атты жеке көрмесі.

«Жастар» сарайы

22-28 сәуірде сағат 10:00-20:00-де – Бал көрмесі

23 сәуірде сағат 19:00-де – Жаңа КТК ойындары

27 cәуірде сағат 9:00-де – «Таңғы Шұғыла» атты балалар мен жастар шығармашылығының халықаралық фестиваль-байқауы

28 cәуірде сағат 9:00-де – «Сәлем, Астана!» атты балаларға арналған республикалық фестиваль – байқау.

«Астана-Арена» стадионы

27 сәуірде сағат 19:00-де – Премьер – Лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Чемпионаты аясындағы «Шахтер» ФК - «Кайсар» ФК матчы

27 сәуірде сағат 19:00-де – Премьер – Лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Чемпионаты аясындағы «Астана» ФК - «Тобыл» ФК матчы.

Қуыршақ театры

27, 28 cәуірде сағат 12:00, 14:00, 16:00-де – Т. Хасанғалиеваның «Орманда болған оқиға» ертегісі.

«Астана Опера» МОБТ

24 сәуірде сағат 19:00-де – Ғазиза Жұбанованың музыкасына жазылған «Қарагөз» балеті

25 сәуірде сағат 19:00-де – Мемлекеттік концерттік «FORTE-TRIO»  триосының «Сөзсіз әндер» концерті

27 сәуірде сағат 18:00-де – Д. Россинидің «Севильдік шаштараз» 2 бөлімді комедиялық операсы

28 сәуірде сағат 18:00-де – «Көктем вальсі» концерті. «Астана» концерт залы

23 сәуірде сағат 20:30-да – «Өнер қырандары» театры

24 сәуірде сағат 19:00-де – «Ұлы даламның – ұлы есімі» атты «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының концерті

25 сәуірде сағат 19:00-де – Калибек Дерипсалдиннің шығармашылық кеші

27 сәуірде сағат 18:00-де – «Шалқыма» халық би ансамблінің «Атадан мұра» атты концерті. Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

26 сәуірде сағат 19:00-де – У. Шекспирдің «Отелло» трагедиясы

27 сәуірде сағат 19:00-де – Г. Низамидің  «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасы

28 сәуірде сағат 19:00-де – О. Жанайдаровтың «Жұт» спектаклі. «Қазақстан» ОКЗ

25 сәуірде сағат 19:00-де – Құрмаш Махановтың «Өмірімнің көктемі» атты концерті

27 cәуірде сағат 18:00-де – «Мәңгілік мәселелер ...» шоуы

28 сәуірде сағат 19:00-де – «24 часа до мечты» қайырымдылық кино – концерті.

«Барыс» СК

22-28 сәуірде сағат 12:00-де – Шайбалы хоккейден 2006 ж.т. балалар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының ІV кезеңі. МЛД «Барыс Арена»

25 сәуірде сағат 19:00-де – Шайбалы хоккейден Қазақстан  және Белорусия ұлттық командалары арасындағы жолдастық матч.

26 сәуірде сағат 19:00-де – Шайбалы хоккейден Қазақстан және Оңтүстік Корея ұлттық командалары арасындағы жолдастық матч.

«Nomad city hall» концерттік залы

26, 27 сәуірде сағат 19:00-де – У. Шекспирдің «Ричард ІІІ» трагедиясы.   

«Алау» МА

23, 24 сәуірде сағат 10:00-де – Шорт-тректен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Алау» мұз сарайы МКҚК ашық біріншілігі.

«Сарыарқа» велотрегі

23, 24 сәуірде сағат 19:30-да – Баскетболдан 2018-2019жж. маусымдағы ҚР ұлттық чемпионатының аясындағы «Астана» ПБК – «Тобыл» БК командалары арасындағы матч.