Спорт • 22 Сәуір, 2019

Бокстан Азия чемпионатының ширек финалдық кездесулері басталады

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін бокстан Бангкокте өтіп жатқан Азия чемпионатында ширек финал матчтары басталады.

Бокстан Азия чемпионатының ширек финалдық кездесулері басталады

¼ финалда Қазақстан атынан 16 боксшы сынға түседі. Бұған дейін Әнуар Мұзапаров (52 келі) пен Сәния Сұлтанқызы (57 келі) жеңіліс тапқан еді. 

Сондай-ақ, бүгін екі боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады. Қатысушылар санының аздығына байланысты Фариза Шолтай (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) жарысты ½ финалдан бастайды. 

22 сәуір күні Азия чемпионатының ширек финалында бақ сынайтын боксшылар тізімі: 

Күндізгі сессия, басталуы 13:00

Теміртас Жүсіпов (49 келі) - Рамель Макадо (Филиппин)

Қайрат Ерәлиев (56 келі) - Кавиндер Сингх Бишт (Үндістан)

Дариға Шәкімов (69 келі) - Эрденетуя Энхбаатар (Моңғолия)

Кешкі сессия, басталуы 17:00

Алуа Балқыбекова (48 келі) - Джози Габуко (Филиппин)

Санатәлі Толтаев (64 келі) - Амири Махсуд Мал (Иран)

Бек Нұрмағанбет (81 келі) – Ділшодбек Рузметов (Өзбекстан)

Соңғы жаңалықтар

Төрт адамның өмірін сақтаған

Медицина • Бүгін, 08:05

Төрт жасар жазушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Әлеуметтік нысан ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жәкеңнен қалған жәдігер

Көрме • Бүгін, 07:53

Ең алып мұрал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Елена Рыбакина – финалда!

Теннис • Бүгін, 07:38

Бір мезетте – мың сабақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:33