Спорт • 22 Сәуір, 2019

Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Бірінші жарыс күнінің қорытындысы

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрия астанасы Будапештте үстел теннисінен әлем чемпионаты басталды. Olympic.kz бірінші жарыс күніндегі Қазақстан спортшыларының нәтижесін назарларыңызға ұсынады.

Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Бірінші жарыс күнінің қорытындысы

Аралас командалық сында Денис Жолдуев пен Анастасия Лаврова жұбы алғашқы матчта Түркменстан спортшыларын 3:0 есебімен ұтқан. Алайда, екінші айналымда Люксембург командасына есе жіберді. 

Сондай-ақ, команда үздіктері Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева алғаш рет жұптық сында өнер көрсетіп, уэльстік қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түсті. Екінші кездесуде біздің команда Польша спортшыларынан жеңіліс тапты. 

Жекелей сында Тимур Келбұғанов, Денис Жолдуев, Зәуреш Ақашева мен Анастасия Лавровалар келесі кезеңге өтті.

Өкінішке қарай, Гулчехра Хусейнова мен Бекұлан Жамал үшін әлем чемпионаты аяқталды.