Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Бақыт Сұлтанов елордаға 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартпақ

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы елорда әкімі Үкімет отырысында айтты.

Бақыт Сұлтанов елордаға 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартпақ

«Өткен жылы елордаға рекордтық көлемде инвестиция тартылды. Сырттан түскен қаржы бірінші рет 1 триллион теңгеден асты. Осы көрсеткіштерге қалада іске асырылып жатқан ірі жобалардың арқасында қол жеткізілді. Ал биыл құрылыс жұмыстарының азаюына байланысты инвестиция көлемі де төмендеп отыр. Өйткені, инвестициялардың 70-80 пайызын құрылыс құрайды. Біз өткен жылдардағы инвестицияларға талдау жасадық. Сонымен бірге 2019 жылға арналған болжамды жоспар құрдық. Егер орындасақ - былтырғы жеткен триллион теңгеден асыруға болады», - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында. 

Қала әкімінің айтуынша, шаһарға инвестиция тарту тетіктері қайта қаралған.