Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Солтүстік Қазақстанда өрт салдарынан төрт адам көз жұмды

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға кеше Мамлют және Айыртау аудандарында болған.

Солтүстік Қазақстанда өрт салдарынан төрт адам көз жұмды

Төтенше жағдай қызметінің жедел тобы  қайғылы оқиға орын алған жерге тез жеткенімен, адамдарды  өлім құшағынан құтқара алмады. Айналасы үш минуттың ішінде қызыл жалын баспананы түгелдей шарпып, 1970, 1977 және  1980 жылдары туған екі ер, бір әйел адамды мерт қылған.

Осы жылдың қаңтар айында үй иелеріне өрт қауіпсіздігі жайлы сақтық шаралары түсіндірілгенімен, қорытынды шықпағанға ұқсайды.

Айыртау ауданы Лавровка елді мекенінде орналасқан «Лавровское» ЖШСнің аумағынан өрт шығып, жұмысшы-қызметкерлердің күшімен сөндірілген. Ғимарат ішінен 1963 туған ер адамның мәйіті табылған.

Қазір өрттің тұтану себептері мен келтірілген шығын мөлшері анықталуда.

Солтүстік Қазақстан облысы