Шараны Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы мен Авторлық құқықтар жөніндегі Бейжің бюросы ұйымдастырды. Форумға ДЗМҰ-ға қатысушы елдердің, ҚХР Авторлық құқықтар жөніндегі ұлттық әкімшілігінің, продюсерлік компаниялардың және актерлік гильдиялардың өкілдері қатысты.
Форум барысында С. Бектұрғанов «Қазақстан Республикасындағы кино индустриясының жетістіктері және оның құқықтық реттелуі» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Сенатор өз сөзінде қатысушыларға қазақстандық кинематография тарихы, фильмдер түсірудегі шетелдік компаниялармен ынтымақтастық тәжірибесі туралы айтып берді, сондай-ақ еліміздің «Кинематография туралы» және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдарын іске асырудың негізгі ережелері туралы хабардар етті.
Сенатор форум аясында сондай-ақ ҚХР Авторлық құқықтар жөніндегі ұлттық әкімшілік департаментінің бас директоры Ю Цекимен кездесті.
Кездесуде кино, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері және Бейжің шартына қосылу мәселелері талқыланды.
Бейжіңдегі аудиовизуалды орындаулар жөніндегі шарт 2012 жылдың маусым айында Бейжіңде өткен аудиовизуалды орындауларды қорғау жөніндегі дипломатиялық конференцияда қабылданған болатын. Сандық технологиялардың жаппай енгізілуін ескере отырып, авторлық құқықты қорғау жүйесі Бейжің шартының мәні болып табылады.