Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Қызылордада «Nur Otan» партиясының өкілдері шаруалармен кездесті

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова облыстағы ауылшаруашылығы саласының өкілдерімен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс өтетін сайлауы жайында ақылдасты.

Қызылордада «Nur Otan» партиясының өкілдері шаруалармен кездесті

- Қызылорда облысы 2019 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша қарқынды дамып келе жатқан үздік өңірлердің бестігіне кірді. «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ»,- деген. Жалпы айта кету керек, ауыл шаруашылығы саласы бойынша өнім өндіру 1,3 пайызға артты. Бұл жаңа жобаларды жүзеге асырудағы сыр аграрларының еңбегі деп білемін, - деді Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Партия Төрағасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» партиялық жобасының ауыл шарушылығын дамытуға оң әсер ететінін де атап өтті.

Кездесу барысында сала мамандары еліміздегі саяси оқиғаның маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Бұл орайда, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімін, қажет кезінде қабылданып отырғандығын айтты.