Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Республикалық «Ақ кербез» би фестивалі өтті

666 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде «Ақ кербез» І республикалық би фестивалі өтті.

Республикалық «Ақ кербез» би фестивалі өтті

Фестивальге Ақтөбе қаласынан «Аққу», Орал қаласынан «Назерке», Шымкенттен «Қаракөз», Тараз шаһарынан «Томирис» ансамбльдері, сондай-ақ, жергілікті өнерпаздар - Қорқыт Ата атындағы университеттің «Дидар» ансамблі, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің «Нұргүл», Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің «Сыр сұлуы», қалалық мәдениет үйінің «Арайлы» би топтары қатысты.

Фестиваль аясында балетмейстер, хореограф, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Гүлбану Мырзабаеваның шығармашылығына арналған "Томирис" би ансамблінің концерті өтті.

Қызылорда облысы