Қордай шекара отрядының «Қордай-авто» бөлімшесінде шекара наряды 1981 жылы туған қазақстандық азаматты ұстады. Тексеру барысында оның жекеменшік жеңіл автокөлігінен жалпы саны 293 дана «Redmi», «Самсунг», «Леново» маркалы ұялы телефондар табылып, актімен Қордай аудандық Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.