Спорт • 22 Сәуір, 2019

Нұр-Сұлтандық бала Мессимен кездесті

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандық Әли Тұрғанбеков Лионель Мессимен және «Барселонаның» басқа да жұлдыздарымен кездесті.

Нұр-Сұлтандық бала Мессимен кездесті

«Ата-анам арманымның орындалуына көп атсалысты. Алланың қалауымен арманым жүзеге асты! Қайрат Советайұлы осы сапарға демеушілік көрсеткені үшін алғыс айтамыз», делінген Әлидің Инстаграм желісіндегі парақшасында.

Әли үшін өзінің сүйікті командасымен хат алмасу алғашында қиын болған. Барселонаға баратын ұшақ билеті мен онда тұрақтайтын үйдің жоқтығы қарапайым отбасы үшін қымбатқа түскен. Кейінірек «Қайрат» футбол клубы Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Советайұлы Әлиге шақырту келгені жайында айтады. Бұдан соң, ол ұшу билеті мен Барселонада тұру ақысын төлеп береді.

«Месси Әлиді құшақтап, оны өте жылы қарсы алды. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздың қарапайымдылығына риза болдық», делінген Әлидің Инстаграм желісіндегі парақшасында.

Кездесу барысында Әли кумирімен суретке түсіп, оған қазақстандық шоколад сыйлады.