Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Корея Республикасының Президенті «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шараға елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қатысты деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Корея Республикасының Президенті «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды

Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің Қазақстан Республикасына сапары 21 және 23 сәуір аралығын қамтиды. 

Оңтүстік Кореяның басшысы мен оның жұбайы Ким Чжон Сук Нұр-Сұлтан қаласына 20 сәуірде келген болатын. Бүгін таңертең олар «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды. 

Жиналғандар Отан үшін жанын қиған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін қос елдің әнұрандары шырқалды. 

Содан соң Корея басшысы мемлекет басшыларының аллеясына ағаш отырғызды. Мұнда Қазақстан астанасына келетін түрлі елдердің мемлекет басшылары дәстүрге сай тал егеді. 

Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин сапары барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесулерге, сондай-ақ Қазақстан-Корея бизнес-форумына қатысады деп жоспарлануда.