Қоғам • 22 Сәуір, 2019

Үздік дене шынықтыру мұғалімі

1729 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2019» республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Үздік дене шынықтыру мұғалімі


Мерекелік кеште Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық Дене тәрбиесі орталығының бас директоры , ҚР құрметті спорт қайраткері, спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші Садық Мұстафаев қатысушыларды құттықтап, осы салада үлкен табыстарға жетулеріне тілек білдірді. Сонымен қатар, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті, Тәрбие жұмысы және қосымша білім басқармасының бас сарапшысы Стэлла Ибраева, ҚР «Мектеп спорт федерециясының» төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Жастар саясат» кеңесінің мүшесі, халықаралық дәрежедегі төреші Нұржан Нұрахметов, «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бас директорының оқу тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары, Білім беру магистрі Жангелді Әмірғалиев, Алматы облысы Білім басқармасының «Дене шынықтыру спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім берудегі ғылыми-тәжірибелік орталығының» директоры Досет Байділдин іс-шараға белсене араласқан ұйымдастырушыларды, номинанттар мен жүлдегерлерді марапаттады. 

       «Үздік дене шынықтыру мұғалімі -2019» байқауының жеңімпазы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының А.Тихоненко атындағы мектептің мұғалімі Абзал Наурызбаев атанса, Димитрий Воронько (Жамбыл облысы), Нұрсұлтан Көбен (Маңғыстау облысы) және Самғат Есқарин (Ақтөбе облысы) жүлдегерлер санатына қосылды.

Түрлі аталымдар бойынша мына ұстаздар жеңімпаз атанды:
           
1. «Жаңашыл мұғалім» - Асқар Забенов (Нұр-Сұлтан қаласы, №70 мектеп-лицей)
2. «Креативті мұғалім» - Нәдира Оспангожанова (Алматы қаласы. №131мектеп-лицей)
3. «Дене шынықтыру пәнінің шебері» - Айдын Түсіпбеков (Қапшағай қаласы)
4. «Белсенді спорт ұйымдастырушысы» - Жандос Қалиұлы (Петропавл қаласы, № 6 орта мектеп)