Спорт • 22 Сәуір, 2019

«Алматы марафоны» өз мәресіне жетті

540 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2012 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан «Алматы марафоны» биыл да аса жоғары деңгейде өтті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан осы сайысқа қатысушылардың қарасы осы жолы да өте көп болды.

«Алматы марафоны» өз мәресіне жетті

42 шақырымдық жарыста 18-24 жастағылар арасында Ержан Жаңарыстанов, Манас Жаңабергенов, Дуниюркуджа Камгуев үздіктер санатынан көрінсе, əйелдер арасында Марина Бабаянц, Анна Воеводина жəне Ақерке Тоқтасынның бағы жанды.

25-29 жастағылардың тобында Доманкас Балсис дара шықса, Петр Чумаков пен Кирилл Уваров жүлдегер атанды. Əйелдердің бәсекесінде Əсел Əлімжан, Қымбат Елтаева жəне Марина Колесникова жоғары нәтиже көрсетті.

30-39 жастағы ерлердің үздік үштігі ­– Николай Григоров, Денис Карюкин, Алексей Сидоренко. Əйелдердің үздік үштігі – Юлия Фернас, Аида Естерекова, Айзала Тыналиева.

40-49 жастағы ерлердің үздік үштігі – Нұратдин Юсупов, Ержан Жанмаилов, Айбек Жутеков. Əйелдердің үздік үштігі – Лəззат Кұрманова, Ольга Машинская, Торғын Шуланова.

50-59 жастағы ерлердің үздік үштігі – Игорь Шиффнер, Юрий Пащенко, Әбдірашид Бахтиев. Əйелдердің үздік үштігі – Əлия Айтқазина, Моника Мюллер, Толғынай Шаева.

60 жастан асқандардың 42 шақырымдық сайысының  ерлердің үздік үштігі – Биебай Тілемисов, Валерий Куликов, Владимир Кривушкин. Әйелдердің үздіктері – Любовь Асакова мен Лау Чива Флора.

Абсолютті категорияда əйелдердің үздік үштігі – Зикрилло Маматқұлов, Əмір Байтуканов, Алексей Ширшов. Əйелдердің үздік үштігі – Александра Каланова, Марина Хмелевская, Тамила Кугнарова.

15-17 жастағы ерлердің 10 шақырымдағы үздік үштігі – Гарсиа Костильо Хуан Себастьян, Руслан Наумов, Артур Халиулин. Əйелдердің үздік үштігі  – Екатерина Иванова, Әдия Қадырова, Яна Матвеева.

18 жастан асқандар тобындағы 10 шақырымдағы əйелдердің үздік үштігі –  Дмитрий Иванчуков, Алексей Гусров, Андрей Куликов. Əйелдердің үздік үштігі – Светлана Саунина, Джовита Поскуте, Жұлдыз Оспанова.

18 жастан асқандар тобындағы 21 шақырымдық жарыстың ерлердің үздік үштігі – Илья Тяпкин, Евфрат Гараев, Андрей Калюжный. Əйелдердің үздік үштігі  – Мария Коробицкая, Жанна Мамажанова, Дана Гусарова.

АЛМАТЫ