Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Облыс әкімі О.Оразалин ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға пәтер кілтін табыстады

631 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңір басшысы Оңдасын Оразалин жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау үшін ұйымдастырылған қайырымдылық шараға қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі О.Оразалин ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға пәтер кілтін табыстады

Жиында жастарға демеушілер тарапынан 30-100 мың теңге көлемінде  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ шоттарына түсетін  қаржылай сертификаттар табыс етілді.

Қаражат облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшыларының күшімен жетім балаларды ұйымдар мен мекемелердің патронаттығына бекіту акциясы аясында жиналды.

Сондай-ақ,  Оңдасын Оразалин тағдыры ауыр 6 балаға бір бөлмелі  пәтер кілтін табыстады. Жаңа қонысқа  ие болған балалар қуанышты сәтті пайдаланып аймақ басшысына өз алғыстарын білдірді.

 «Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсету азаматтық парызымыз. Олардың болашағы жарқын болуы үшін қоғамның  қамқорлығы қажет»,- деді аймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар