Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Жетісуда «Құтты мекен» жобасы басталды

1409 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясы қолға алған «Құтты мекен» жобасының басты мақсаты жергілікті жерлерде инфрақұрлымды нығайту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, газ, су құбыры, электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді және моноқалаларды дамыту жұмыстарын жалғастыру екені аян.

Жетісуда «Құтты мекен» жобасы басталды

Жоба аясында жұмысшы топ жасақталып, арнайы Жол картасын әзірленген болатын. Қазір еліміздің барлық өңірінде бұл іске басымдық беріліп отыр. Осы «Құтты мекен» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстар Жетісу өңірінде де қызып тұр. Қазір осы жоба бойынша облыстағы маңызды нысандар мен тас жолдарда басталған құрылыс жұмыстарынан толық ақпарат беретін арнайы билбордтар мен ақпараттық тақтайшалар орнатылып, тұрғын іс барысынан хабардар болып отырға қол жеткізді. Жақында «Nur Otan» партиясы партиялық бақылау қызметінің басшылығы Алматы облысының Жамбыл ауданына іс сапармен келеді. Арнайы топ өңірдегі республикалық маңызы бар «Алматы-Бішкек» тас жолының 63-101 шақырымында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

- «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында облыстың депутаттық фракциясы жанындағы тұрақты бес комиссияның мүшелері,  Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында құрылған қоғамдық кеңестің, облыстық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың тиімді пайдалануына бақылау жүргізетін болады, деді тұрғындармен кездесуде Партиялық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижұманов.

Жалпы Алматы облысы бойынша  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 116 жобаның жүзеге асуы үшін 92,6 млрд.теңге қаражат бөлінген екен.  Оның ішінде 85 жоба қолданысқа берілсе, 31 жоба жүзеге асырылуда. Ал «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 101 жобаның жүзеге асырылуына 17,8 млрдтеңге көлемінде қаражат қарастырылыпты.

- Облыста осы жылы көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 12,3 млрд теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде  3,2 млрд теңге үш автокөлік жолының қайта қалпына келтіруіне, 9 млрдтеңге жол жөндеу жұмыстарының қосымша 27 жобасына бөлінді. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 784,5 мың шаршы метр баспана берілуі тиіс. Осы жұмыстардың барлығы  партияның «Құтты мекен» жобасы бойынша қадағаланып, сапа мен наықты нәтижеге тұрғындармен бірге қол жеткіземіз, деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиал төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева.