Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Қарағандылық гимнасшы Әлем кубогы сынында қола жүлдегер атанды

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандылық спортшы Данил Мұсабаев Минск қаласында батут гимнастикасынан өткен Әлем кубогы сынында қола жүлдеге ие болды.

Қарағандылық гимнасшы Әлем кубогы сынында қола жүлдегер атанды

Отыздан астам елдің гимнасшылары қатысқан додада Данил Мұсабаев пен шымкенттік Пирмаммад Алиев жұбы мәнерлеп секіру бойынша АҚШ пен Жапонияның мықты гимнасшыларын артқа қалдырып, жүлделі үшінші орын биігінен көрінді.

– Мұның бәрі бапкерлер қолданған тың әдістің жемісі. Негізі, біздің спортшылар жеке-жеке емес, бірге жаттығуы тиіс болатын. Соған қарамастан олар жиындағы бірер аптаның ішінде ғана бірге жаттығып, жарыста жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр,  дейді Қарағанды облыстық гимнастика спорт мектебінің директоры Олжас Тұрсынбеков.

Еске салсақ, осы мектептің түлектері Анастасия Долгонюк пен  Никита Амоскин жұбы да жақында спорттық гимнастикадан өткен Әлем кубогы сынында қола жүлдегер атанған болатын.