Кітаптың тұсауын 100 және 101 -ші дербес ұлттық атқыштар бригадасының соңғы жауынгері-Сатылған Бекмағамбетов кесті. Кешті «Ржевте ерлік даңқы қайта жаңғырады» атты кітабының авторы Ғалымжан Байдербес ашып, жинақпен қысқаша таныстырып өтті. Ол 1942 жылдың 25 қарашасында Ржев-Зубцово-Сычевка-Гжатск-Вязьма-Белый-Оленин аумағында басталған «Марс» операциясына қатысқан қазақстандық 100 және 101 -ші дербес ұлттық атқыштар бригадасы жауынгерлері туралы айта келіп, тарихта «Ржев канды бұрышы» атауымен қалған осы үшбұрыштың ақырғы нүктесі - Оленин ауданының Мишуково, Зайцево, Оленино, Молодой Туд деревняларын азат еткен қос бригаданың жорық жолымен барған ақтөбелік делегацияның Ржев қаласы, Оленин ауданындағы кездесулері қамтылғанын, сонымен бірге мерзімді басылымдарда жарык көрген майдангерлер естеліктері, ресейлік және қазакстандық өлкетанушылар, тарихшылар, іздеу отрядтары мүшелерінің деректері де бар деп көрсетіп өтті. Шараға есімдері өлкеге танымал қаламгерлер мен кітапхана оқырмандары және Ржев қаласына қос бригаданың жорық жолымен барған ақтөбелік делегация мүшелері қатысты. Олар 100 және 101-ші дербес ұлттық атқыштар бригадасының соңғы жауынгері Сатылған Бекмағамбетов, «Ржевте ерлік даңқы қайта жаңғырады» атты кітабының әдеби редакторы, белгілі журналист Баян Қуандыққызы, Ақтөбе облысының қоғамдық-саяси кеңес төрағасының орынбасары, белгілі ақын, Республикалық «Адырна» журналының басшысы, көсемсөз шебері Мейірхан Ақдаулетұлы, Ақтөбеде жасақталған 101 бригадаға тіркелген Балқасым Кенжегариннің ұрпағы Аслан Балқасымов. «Ербақыт» спорттық патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев, делегация мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Кужиев Ермат Тимофеевичтің қызы Кужиева Алима Ерматқызы, Қаламыздағы жоғарғы және арнаулы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары болды. Кеш барысында Ржев қаласына қос бригаданың жорық жолымен барған ақтөбелік делегация мүшелері ақын Мейірхан Ақдаулетұлы, Кужиева Алима Ерматқызы өздерінің сапарлары туралы әсерлі әңгімелерін айтты. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Мақашев Айбаттың орындауында ҰОС кезіндегі әндер тыңдарман жүрегінен орын алды. Тұсаукесер кешіне арналып 101 ұлттық дербес атқыштар бригадасының жорық жолдары және батылдықтың ерен үлгісі туралы фото-шежіре, слайд көрсетіліп, «Ерлік даңқы өшпейді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Өлкетану бөлімшесінің кітапханашысы