Қоғам • 23 Сәуір, 2019

NIS – қазақстандық білім жүйесінің бренді

701 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметі Мәскеуден жеңіспен оралды.

NIS – қазақстандық білім жүйесінің бренді

«NIS: қазақстандық білім жүйесінің бренд-амбассадоры» жобасы Ресейде өткен халық­аралық байқаудың «Аймақты ілгерілету» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Құрамына коммуникация саласындағы белгілі ресейлік сарапшылар мен тәжірибелі мамандар кірген қазылар алқасы NIS-тің отандық зияткерлік бренд және әлемдік педагогиканың сәтті драйвері ретінде ақпараттық және PR ілге­рілетудегі жұмысын жоғары бағалады.

Беделді байқауға Ресей, Украина, Беларусь және Қазақ­станнан 500-ден астам жоба қатыс­ты. Бұл жобалардың бар­лығы экономика, саясат, мәде­ниет және жалпы коммуникация саласында белгілі бренд саналады. NIS баспасөз қызметімен бірге номинацияның шорт-тізіміне Вологод облысының инвестициялық компаниясы, Ресейдің танымал индустриялық брендтерінің бірі – Трубалық металлургиялық компаниясы енген болатын. Алайда, NIS-ті ха­лықаралық деңгейде ілгеріле­тудегі ауқымды, креа­тивті және жүйелі жұмыстары үшін, соның ішінде «Кембридж сағатында – Астана уақыты», «NIS жаңаратын энергиясы», «Сүйінші, CIS, Кембридж, NARIC!», «Роботтар әлемді бағындырады!» сынды тақырыптық медиалық және PR жобалары үшін қазақстандықтар жеңімпаз атанды. Зияткерлік мектептерді шетелдерде насихаттауда ерекше назар Media Relations, Public Relations, Government Relations, Investor Relations, Community Relations ин­теграцияланған ақпараттық жә­­не PR жобаларына аударылды.

– Жалпы коммуникацияның заманауи жүйесінде ең жоғар­ғы пилотаж – елді тануға бағыт­талған PR. Біз NIS-ті отандық интел­лектуалдық бренд ретін­де ха­лықаралық деңгейде ілгері­летуге қосқан еңбегіміз үшін қуаныштымыз, – деп ағынан жа­рылды «Назарбаев зияткерлік мек­тептері» ДББҰ баспасөз қыз­ме­тінің жетекшісі Мира Али­пинова.