«NIS: қазақстандық білім жүйесінің бренд-амбассадоры» жобасы Ресейде өткен халықаралық байқаудың «Аймақты ілгерілету» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Құрамына коммуникация саласындағы белгілі ресейлік сарапшылар мен тәжірибелі мамандар кірген қазылар алқасы NIS-тің отандық зияткерлік бренд және әлемдік педагогиканың сәтті драйвері ретінде ақпараттық және PR ілгерілетудегі жұмысын жоғары бағалады.
Беделді байқауға Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстаннан 500-ден астам жоба қатысты. Бұл жобалардың барлығы экономика, саясат, мәдениет және жалпы коммуникация саласында белгілі бренд саналады. NIS баспасөз қызметімен бірге номинацияның шорт-тізіміне Вологод облысының инвестициялық компаниясы, Ресейдің танымал индустриялық брендтерінің бірі – Трубалық металлургиялық компаниясы енген болатын. Алайда, NIS-ті халықаралық деңгейде ілгерілетудегі ауқымды, креативті және жүйелі жұмыстары үшін, соның ішінде «Кембридж сағатында – Астана уақыты», «NIS жаңаратын энергиясы», «Сүйінші, CIS, Кембридж, NARIC!», «Роботтар әлемді бағындырады!» сынды тақырыптық медиалық және PR жобалары үшін қазақстандықтар жеңімпаз атанды. Зияткерлік мектептерді шетелдерде насихаттауда ерекше назар Media Relations, Public Relations, Government Relations, Investor Relations, Community Relations интеграцияланған ақпараттық және PR жобаларына аударылды.
– Жалпы коммуникацияның заманауи жүйесінде ең жоғарғы пилотаж – елді тануға бағытталған PR. Біз NIS-ті отандық интеллектуалдық бренд ретінде халықаралық деңгейде ілгерілетуге қосқан еңбегіміз үшін қуаныштымыз, – деп ағынан жарылды «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметінің жетекшісі Мира Алипинова.