8 бен 12 жас аралығындағы балалар үшін байқаудың іріктеу кезеңдері елімізде 29 наурыздан бастап өтуде. Атырау облысына дейін шығармашылық топ Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына барып қайтты.
Қазылар алқасын бастап келген Атырау облысы финалисінің жұлдызды тәлімгері Динара Сұлтан балаларға арналған ауқымды жобаға алғаш рет қатысқан болатын. Соған қарамастан ол байқау ережелері бойынша кезекті финалисі таңдай алды.
Финалға жолдама алу сәті Альфия Тілекқабылға бұйырды. Ол қазылар алқасы мен көрермендердің алдында өзін жан-жақты көрсете білді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде үш әнді керемет орындап шықты. Дарынды баланы анасы бастаған бір топ жақындары қолдап келді. Олар «Жандану әлемі» қоғамдық қоры, Әлия Назарбаева мен жобаның шығармашылық тобына кішкентай қазақстандықтарға ашатын үлкен мүмкіндіктер үшін алғыс білдірді.
Күзде Альфия Қазақстанның басқа аймақтарының 16 финалисімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртістік қабілеттерін шыңдайтын сабақтарға қатысады.
25-27 қазан күндері балдырғандар жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды.
«Бала дауысы-2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.