Спорт • 23 Сәуір, 2019

Денис Уланов ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде үздік үштікке енді

556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан командасы екінші медалін еншіледі. Бүгін 81 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Денис Уланов турнирдің қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Денис Уланов ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде үздік үштікке енді

Уланов қоссайыс қорытындысы бойынша 356 келіні (160+196) еңсерді. Сондай-ақ, Денис серпе және жұлқа көтеруде кіші қолаға иелік еттік. 

Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Нұрлыбек Сәменов жарысты орта жолдан аяқтады.

Айта кетелік, Азия чемпионаты Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатыр. Қазақстанға алғашқы жүлдені Арли Чонтей сыйлаған болатын. Ол құрлық додасында үшінші сатыдан көрінді.