Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

Павлодардың Теміржолшылар кенті сусыз, жарықсыз, жолсыз өмір сүруде

647 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесуге келген қала әкімі Әнуар Күмпекеевті кент тұрғындары осындай арыз-шағымдарымен қарсы алды.

Павлодардың Теміржолшылар кенті сусыз, жарықсыз, жолсыз өмір сүруде

Электр желісі тартылғанымен, әлі іске қосылмапты.

Қала әкімінің кеңесшісі Жанболат Азаматтың  айтуынша, құны 736 миллион теңге тұратын кентті сумен қамтамасыз ету  жобасы өткен жылы мемлекеттік сараптамадан өтіп, 2019 жылғы бюджеттік шаралар тізіміне қосылыпты.

Алдағы мамыр айда  мердігер анықталып, су тарту жұмыстары жүргізіле бастайды.

Жұмысты жалғастыру үшін қалған қаражат облыстық, республикалық бюджеттен сұрастырылады. Жобада тереңдігі 430 метрлік екі ұңғымадан жерасты суын алу жоспарланып отыр.

Жоба бойынша, су үйлердің ауласына дейін тартылмақ.

Ал, қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, биыл ауылда жалпы құны 30 миллион теңге тұратын екі кешенді блок-модуль (КБМ) орнатылмақшы.

Сондықтан, қала әкімдігі тұрғындарға әлі де  болса шыдай тұрыңыздар, су құбырларын орнатқан соң ғана  жолдарыңызды жөндейміз деп кетті.

Тұрғындарға облыс  орталығына барып-қайту үшін көше аралық бағыттағы  үлкен автобус қажет.

-Қалаға барып оқитын  оқушылар үшін бұл тіпті қиын, дейді тұрғындар.

Ал, қала әкімі  Әнуар Күмпекеев осы  мәселелерге байланысты жоспарлар құрылып, тиісті жұмыстар көп күттірмей атқарылады  деп ауыл тұрғындарын сендіріп, үйіп-төгіп уәде берді де кетті.