Саясат • 23 Сәуір, 2019

25 сәуірде Мәскеуде Премьер-Министр А. Мамин мен Ресей Үкіметінің Төрағасы Д. Медведевтің кездесуі өтеді

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылғы 25 сәуірде Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуі өтеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

25 сәуірде Мәскеуде Премьер-Министр А. Мамин мен Ресей Үкіметінің Төрағасы Д. Медведевтің кездесуі өтеді

Тараптар кездесу барысында сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, отын-энергетика, ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелерін талқылайды. Аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту келешегін қарау көзделген.

Қазақстан және Ресей Үкіметтерінің басшыларының кездесуі шағын және кеңейтілген құрамдарда өтеді.