Қосымша сайлау учаскелерін қағаз тізімнен іздеу қажеттігінен арылуға көмектеседі.
«Цифрлы ғасырда барлық іс-әрекеттер жеңілдетілген. Өзіңіздің қай сайлау учаскесіне қарайтыныңызды білу үшін біздің қосымшаға кіріп, өз аты-жөніңізді немесе ЖСН-ді немесе мекен-жайыңызды енгізу керек. Бұдан кейін қосымша сіздің қай жерде дауыс беретініңіз туралы мәліметтерді ұсынады, тіпті, сайлау учаскесінің орналасқан жерін картада көрсетеді», – деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында Astana Innovations компаниясының баспасөз хатшысы Әсел Әлімханова.