Спорт • 23 Сәуір, 2019

Қазақстан командасы дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдесіне таласады

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында аралас командалық сын аяқталуға жақын. Қазақстан командасы жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 0:4 есебімен жол беріп, қола медальға күресу мүмкіндігін алды.

Қазақстан командасы дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Ширек финалдық кездесуде қазақстандықтар Тайбей командасын 4:2 есебімен жеңді.

Севара Нишанбаева, Зарина Райфова, Ислам Бозбаев және Ерасыл Қажыбаев қарсыластарынан басым түссе, Ерлан Серікжанов пен Мөлдір Нарынова жеңіліс тапты. 

Енді Қазақстан командасы қола медаль үшін күресте Қытайға қарсы шығады. Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады. 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025