«Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының төрағасы ретінде республика азаматтарының экономикалық әл-ауқатын жақсартуға, еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырудың кепілі болып қала береді. «Nur Otan» партиясының ҚР Президенті сайлауына ұсынылған кандидатты толық қолдаймыз. Біз Елбасының стратегиясын жалғастыратынына және тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығын қамтамасыз етуге және одан әрі дамуына бағытталған стратегиялық бағдарламаларды тиімді және толық жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтынына нық сенімдіміз», деді 200-ге жуық адам қатысқан жиында медицина қызметкерлері.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар Қазақстанның бүгінгі жетістігі еліміздің Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті.
«Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді өткізуде, денсаулық сақтау, білім, ғылым мен мәдениетті дамытуда зор табыстарға қол жеткізді. Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекет саясатының реттілігі адам қызметінің барлық салаларында өз көрінісін табады. Экономика қарқынды дамуда», делінген үндеу хатта.