Біз мамандарға деген сұранысты үнемі зерттеп, оқу үдерісіне өзгерістер енгіземіз.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстандағы шетелдік инвесторлар кеңесі жұмыс тобының, аталған оқу орнының маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы өкілдерінің және ҚМЭБИ (КИМЭП) университетінің Мансап орталығы басшылығының мансап және жұмысқа орналастыру орталықтарын қолдау бағдарламасына арналған баспасөз-конференциясы өтті.
ШҚМУ-дың стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Ирина Ровнякованың айтуынша, Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы түлектермен кездесулер өткізіп, оларға қызметке тұру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. «Біз мамандарға деген сұранысты үнемі зерттеп, оқу үдерісіне өзгерістер енгіземіз. 2018-2019 оқу жылы Аманжолов атындағы университетте облыс кәсіпорындары талап ететін қайта өңдеу өндірісінің технологиясы, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық жүйелер сияқты бағыттар бойынша жаңа мамандықтар ашылды, өңір аталмыш саладағы мамандармен толықпақ», - дейді ол.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жетекшісі Альмира Сақтаева соңғы жылдары ШҚМУ түлектерінің жұмысқа орналасуы көңіл көншітетінін жеткізді. «Жыл сайынғы мониторинг нәтижелерінің көрсеткіші 94-97% құрайды. Бұл – жоғары оқу орны атқарған жұмыстың тиімділігінен хабар беретін маңызды көрсеткіштерінің бірі», - дейді ол.
Қазақстан тарихында жоғары оқу орны жанындағы алғашқы мансаптық орталық 1995 жылы ҚМЭБИ-де (КИМЭП) құрылыпты. ҚМЭБИ Мансап және жұмысқа орналастыру қызметінің директоры Меруерт Адайбекова орталықтың 24 жылдық жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, Өскемендегі әріптестерінің жұмысын жоғары бағалады. «Жұмыс берушіге ең алғыр, келешегінен көп үміт күттіретін лайықты мамандар қажет, оларға компаниялар өз қаражатын инвестициялауға әркез дайын. ШҚМУ орталығы жұмысының арқасында жоғары оқу орны студентті академиялық білімге назар аударуға ғана емес, жұмыс берушіні тани және таба білуге баулиды», - дейді.
ӨСКЕМЕН
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Кеше
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Кеше
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Кеше
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Кеше
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Кеше
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Кеше
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар