Президент • 23 Сәуір, 2019

Президент Батыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

843 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Мемлекет басшысына өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Батыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің маңызды екенін айтты. Кездесу барысында шалғай аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне баса мән берілді.

Президент Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.