Зерттеу жұмысының мәліметтеріне сүйенсек, «123456» құпия сөзі ең көп қолданылған екен. 23,2 миллион аккаунт осы сандар жиынтығына сүйенген. Екінші орындағы «123456789» сандары 7,7 миллион рет пайдаланылған. Сондай-ақ «qwerty» және «password» сөздерінің әрқайсы 3 миллионнан аса адамның құпия сөзіне айналған.
Ең жиі пайдаланылатын құпия сөздердің ондығы:
123456
123456789
qwerty
password
111111
12345678
abc123
1234567
password1
12345
Бұдан бөлек, superman, blink182, Ashley, Michael, liverpool секілді сөздер де құпия сөз ретінде жиі қолданылған екен.