24 Сәуір, 2019

BI Marathon халықаралық сертификациядан өтті

961 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы жылғы BI Marathon - Қазақстандағы үш сертификатталған марафонның бірі болды. «Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) және Халықаралық марафон ассоциациясының (AIMS) сертификатын алғаннан кейін оның спорттық жарыс ретіндегі мәртебесі көтерілді, деп хабарлайды BI GROUP тілшісі.

BI Marathon халықаралық сертификациядан өтті

Сонымен бұл сертификаттың қандай маңызы бар, бұл туралы BI Marathon спорт директоры Сергей Бодров айтып берді:

– Осы сертификаттың арқасында біздің марафоншылар әлемнің ірі қалаларында өтетін марафондарға қатысуға үміткер бола алады, олар: Бостон, Берлин, Чикаго, Нью-Йорк және Токио марафондары. Марафон трассасын біз қала тұрғындарының тілектерін ескере отырып жасадық. Оған қоса, біздің қатысушылар елордамыздың ең көрікті жерлерімен атап айтсақ, Ақ Орда, Байтерек, Хан шатыр, Орталық саябақ және Есіл жағалауы секілді жерлермен жүгіріп өтеді, ал мәре сызығы Триатлон паркінде болады.

Сертификаттауды ТМД елдері аумағында А санатындағы марафондар мен жүгірістер трассаларының ресми өлшеуіші Илья Михайловский жүргізді, ол осы уақытқа дейін Ресей мен Қазақстандағы 29-ға жуық марафон трассаларын өлшеуге қатысқан.

– Маған сіздердің жарқын да әдемі қалаларыңыз қатты ұнады, сол себепті  жұмыс істеу маған да жақсы әсер сыйлады. Өлшеу ережесі бойынша трассаның беткі қабаты міндетті түрде асфальтталған болуы керек. Ауа-райы жағдайына байланысты шағын қиындықтар туындады. Ереже бойынша, қар бар жерде өлшеу жұмыстарын жүргізуге болмайды. Сол себепті жайлы жағдайды күтуге тура келді, дейді Илья Михайловский.

BI Marathon алғаш рет 2016 жылы өткізілді, осы уақыт аралығында 2000-ға жуық адамға арналған корпоративтік іс-шарадан халықаралық деңгейде өтетін ауқымды спорттық шараға айналды. 2018 жылы марафонға 22 елден қатысушы тіркелді. Ал 2018 жылы марафонға қатысушылардың жалпы саны 7200 адамды құрады. Ал осы жылы 10 000-ға жуық адам қатысады деп жоспарлануда.

BI Marathon 2019 жылдың 26 мамырында Астана Триатлон паркінде өтеді. Қазір жарысқа қатысу үшін тіркелу жүріп жатыр.  Жеңіске бірге жетейік!


Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше