Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

Ақтауда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

1153 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының ХІХ кезектен тыс съезінде ұсынылған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау бойынша өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағалары және олардың мүшелері, кәсіпкерлер, «Жаңғыру жолы» аймақтық жастар штабының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқандөңгелек үстел Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде өтті.

Ақтауда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина 2019 жылы 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқаны жөнінде және Конституцияға сәйкес, Мемлекет басшысының өкілеттігі Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауысқандығына, ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік телеарналар арқылы берген халыққа үндеуі барысында Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдағандығына және бұл сайлау 9 маусымда өтетіндігін хабарлағандығына тоқталды.

- «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия атынан Президенттікке кандидаттың есімін жариялады, деді ол.        

- Әр мемлекеттің өмірінде маңызды шешім қабылдау сәті келеді. Міне, мемлекетіміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында біздің республикамыздың тарихына енетін ерекше тарихи мәжіліс болып өтті. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі өтті. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Бірінші Президенттің перспективалық бағдарламалары мен бастамалары шеңберінде мемлекеттің стратегиялық дамуына ықпал ететін салмақты және нақты шешім қабылданды. Барлық Елбасының ұсынылған бағдарламаларына ҚР Президенттігіне кандидат тікелей қатысқандығы өте маңызды. Қарапайым сөзбен айтқанда, қоян қолтық енбек етті. Бұл қойылған мақсаттар мен оларды іске асыру жолындағы сабақтастығының негізі болып табылады, деді сөз алған «Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Кержбаум.

Кәсіпкер Ирина Беляева Ел Президентін сайлау азаматтар үшін ең басты саяси процесс екенін атап өтті, өйткені дауыс беру арқасында әрбір саналы адам өз елінің болашағына өз үлесін тигізе алады. 25 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер ретінде, ол үшін, біздің елдегі саяси тұрақтылық пен мемлекеттің нық экономикасы маңызды болып табылады. Сондықтан, Елбасы ұсынған, Қасым-Жомарт Тоқаев кандидатурасы әлемге белгілі дипломат және саясаткер болып табылатындықтан, ең үздік тандау болады. 

- Елбасының ұсынысының арқасында Қазақстан Халық Ассамблеясы құрылды. Осы екі органда толық міндеттерін атқарып отырғаны сөзсіз. Елбасы ұсынған кандидатура терең ойластырылғандықтан ең лайықты деп санаймын, деді «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Айрапет Курдоглян.

Басқа спикерлер де «Нұр Отан» партиясының ХІХ кезектен тыс съезінде ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдады.
Кездесу соңында Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктерінің Қазақстан халқына «Нұр Отан» партиясының ХІХ кезектен тыс съезінде ұсынылған Қазақстан Президенттігіне кандидатын қолдау туралы ұндеуін жариялады.