Аймақтар • 25 Сәуір, 2019

Түркістан: Ауыр салмақтағы жүк көліктеріне қарсы рейд шарасы өтіп жатыр

934 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысындағы облыстық маңызы бар жолдарда шамадан тыс жүк артқан және ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын шектеуге қатысты рейдтік шаралар басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан: Ауыр салмақтағы жүк көліктеріне қарсы рейд шарасы өтіп жатыр

Шараның мақсаты – автомобиль жолдарының сапасы мен  жол қауіпсіздігін сақтау.

Облыс әкімдігімен бекітілген іс-шараға сәйкес, шараға облыстық полиция департаменті, транспорттық прокуратура, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инпекциясы және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.

Қазығұрт ауданындағы біркүндік рейдттік тексеру нәтижесінде 5 хаттама толтырылып, заңды бұзған жүргізушлерге айыппұл салынды. Аталған рейдтік шара облыстық жолдарда жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00