Санитарлық авиация мынандай жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетті: балалар патологиясы – 24,3%, қан айналымы жүйесі аурулары – 24,2%, жарақат, жазатайым оқиғалар мен улану (соның ішінде ЖКО) – 17,5%, жаңа туған нәрестелер патологиясы – 14%, акушерлік-гинекологиялық патология – 11,4% және басқа аурулар – 8,6% .
Санитарлық авиация қызметінің негізгі міндеті - еліміздің шалғай аудандарында тұратын халыққа уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету.
Науқас тұратын өңірдегі ауруханада медициналық жабдық немесе білікті маман болмаған жағдайда санавиация қызметінің ұшағы шақыртылады.
2019 жылы 1 сәуірде Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әйелге санитарлық авиациялық көмек көрсетілді. Пациент кешенді ем алу үшін Маңғыстау облыстық ауруханасынан Нұр-Сұлтандағы № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Санитарлық авиациялық қызмет науқас тұратын аймақтағы медициналық мекемеде жабдық, мамандар жоқ болса, адамға шұғыл медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда, төтенше оқиға орын алса, медициналық эвакуация кезінде, пациентті республикалық немесе қалалық емхана, ауруханаға жеткізу мақсатында, шетелде ауыр хәлде жатқан ел азаматтарын тасымалдау үшін пайдаланылады.