Сыр жерінде дүниеге келіп, мектеп табалдырығын аттаған азаматтың ел астанасының мэрі болғандығы жерлестерін қатты қуантқан. Осыған орай Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Михаил Кылвартқа құттықтау жеделхатын жіберген.
Таллин қаласының мэрі өзінің қуанышын бөліскен облыс басшысы мен аймақ тұрғындарына ізгі тілектері үшін алғысын білдіріп жеделхат салыпты. Тағдыр талайымен қазақ жерінде дүниеге келіп, тарихи Отанында мемлекеттік қызметте үлкен табысқа жеткен азамат өзін өсірген Сыр өңірін ұмытпайтындығын осылай білдіріпті.