Қоғам • 25 Сәуір, 2019

Қарттарға кітап сыйлады

997 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Күлтегін» шаңырағы мен педагог-ұйымдастырушы-кураторлар бірлестігі облыс орталығындағы қарттар үйінде болып, кітапханасына 30 кітап сыйлады.

Қарттарға кітап сыйлады

Қарттардың кеудесі - алтын сандық, үлкен қазына. Халқымызда «ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген аталы сөз бар. Алайда, жастай бейнет көріп, қартайғанда зейнетін көруге әркімнің мүмкіндігі бола бермейді. Осы жерден пана тауып, мемлекеттің қамқорлығында отырған зейнеткерлер туған бала-шағасына керек болмаса да қоғамға керек.

«Қоғамға қызмет» жобасына байланысты оқушылар мен ұстаздар қауымы сыйлаған кітаптар қарттарды қуантып тастады. Өздерін арнайы іздеп келіп, үлкен сыйлық жасаған жас өрендерге көргені көп ақсақалдар батасын берді.