Руханият • 25 Сәуір, 2019

VIII республикалық Құран байқауы өтеді

1334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен 26-27 сәуір күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран байқауы Алматы қаласы Орталық мешітінде, ал жарыс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау кеші 28 сәуір күні сағат 10:00-де Алатау дәстүрлі өнер театрында мәдени бағдарламамен өтеді.

VIII республикалық Құран байқауы өтеді

Республикалық жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда 19-сәуірге дейін өткен Құран байқауының Іріктеу сайыстарында топ жарған 69 қариымыз қатыстырылады.

Олар Құран Кәрімді толық, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша өзара бақ сынайды.

Жарыста жасы 30-дан аспаған, ҚР ер азаматы болған қарилардың Құранды жатқа айтуы мен тәжуидпен (қағидаларымен) көркем оқуына баса мән беріледі.

26-27 сәуір күндері Алматы қаласы Орталық мешітінде Құран байқауында сынақтан сүрінбей, өзін жақсы қырынан көрсеткен, сөйтіп жүлделі орындарға ие болған жеңімпаз қариларымызға 28-сәуір күні сағат 10:00-де Алатау дәстүрлі өнер театрыныда өтетін марапаттау кешінде автокөлікпен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.

Алматы