Спорт • 25 Сәуір, 2019

Қазақстан бокс федерациясының өкілі АІВА айыптауына жауап қатты

893 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектенов АІВА нормаларын ұстануға қатысты комиссия айыптауын негізсіз санайды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан бокс федерациясының өкілі АІВА айыптауына жауап қатты

Жақында халықаралық бокс қауымдастығының арнайы комиссиясы Қазақстан бокс федерациясының өкілі туралы сұрақты қарағаны белгілі болды. Комиссия мәліметінше, Бекжан Бектенов өзге ұлттық федерация басшыларымен кездесіп, оларды олимпиадаға іріктеу турнирін басқаратын «жаңа ұйым құруға» үгіттеуге тырысқан. Ұйымның ресми aiba.org сайтында бұл мәселенің қатаң бақылауға алынып, Бектеновты «АІВА мүшелігінен» шеттетуге қатысты тәртіптік комиссияға ұсыныс жіберілгені жазылған.

- Мен туралы мәселенің менің қатысуымсыз өтіп жатқаны таңғалдырады. Мен қандай да бір түсініктеме беру мүмкіндігінен айырылып отырмын. АІВА тарапынан бұған қатысты қандай да бір хабарлама немесе ескерту алған емеспін. Сондай-ақ, мен «АІВА мүшесі» емесін, сондықтан, заңды тұрғыдан мені шеттету мүмкін емес.

Өзге ұлттық федерациялардағы әріптестеріммен кездесіп, кеңес өткізгенім рас. Бұл бокс федерациясының директоры ретіндегі менің жұмысымның бір бөлігі. Аталған жиындар, хат алмасулар, сондай-ақ, түрлі сұрақтарға қатысты пікірталас жүргізу үнемі жүзеге асып тұрады және бұл ұйым қаулысына қарсы келмейді.

Егер АІВА әрбір кездесу мен телефон қоңырауларын бақылауға мүдделі болса, мұның демократия қағидаларына қарсы екенін ескерткім келеді. Мұндай жағдайда ұлттық федерациялардың қажеті жоқ, барлық процесті бір ғана штаб-пәтердің басқаруына болады.

Ал бокстағы жалпы жағдайды өздеріңіз білесіздер. Біздің олимпиада бағдарламасынан сырт қалу қаупіміз жоғары. ХОК пен АІВА арасындағы қарым-қатынасқа алаңдаулымыз. Әлемдегі барлық боксшылар секілді, біз бокстың олимпиада бағдарламасында қалуына бар жағдайды жасаймыз. Қазір билік үшін қандай да бір ойын ойнаудың қажеті жоқ. Барлық күш-қуатымыз боксты Токиодағы Олимпиада ойындарында сақтап қалуға бағытталу керек, - деді Бектенов.