Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылды.
«Заңға сәйкес, жаңа басқарма құру – уақыт талабы. Енді барлық мемлекеттік сатып алу жұмыстарын осы басқарма жүзеге асырады. Жақсы мамандарды жұмысқа қабылдаймыз. Яғни, мердігерлер бойынша жұмыс жанданып, жалақы төлеу мәселелері шешіледі. Ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының барлығы да қаланың дамуына серпін береді. Биыл Еңбекшi ауданындағы барлық балалар алаңшасы толық жаңартылады», деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.
Сессия қала әкімдігінің жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы, әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы және дербес құрамы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамы бекітілді.