Аймақтар • 25 Сәуір, 2019

Қарағандыда Арқа өнерпаздары көкпар тартты

1029 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандының маңындағы Құрылыс деген елді мекенде Арқа өңіріне танымал өнерпаздар бас қосып, «Думанды дода» деп аталған көкпар ойынын ұйымдастырды. Бұл игі бастамаға облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы қолдау көрсетті.

Қарағандыда Арқа өнерпаздары көкпар тартты

Көкпарда айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов бастаған «Алаш», айтыскер ақын Тілеген Әділов құрған «Сыпай», дәстүрлі әнші Сержан Мұсайын жетекшілік еткен «Дода» және әнші-сазгер Саят Әбдіғалидың «Көкбөрі» командалары тартысқа түсті.

Жүлделі үшінші орын үшін болған тартысты сайыста «Көкбөрі» командасы «Алаш» жігіттерін жеңіп кетті. Ал бас жүлде үшін болған тартыста «Сыпай» командасы «Доданың» көкпаршыларынан 5:1 есебімен басым түсіп, жеңімпаз атанды. Бұл сайыста «Сыпайдың» құрамындағы палуан Ерік Еркенұлы ерекше көзге түсіп, төрт салымның авторы атанды.

Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Мирас Құттыбай «Думанды дода» көкпар ойынын ұйымдастырушылардың бірі Нариман Хасеновке алғыс айтып, жеңімпаз командаға арнайы тағайындалған кубокты табыс етті.



Қарағанды облысы