Алдағы 9 маусымда халқымыз сайлайтын Президент еліміздің әрі қарай өркендеп-өсуіне өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
– Бүгінде еліміз әлемге танылды.Экономикасы дамыған елге айналды. Алдағы сайлаудан жеңіп шығатын жаңа Президентке үлкен жауапкершілік жүктеледі. Өткен съезде «Nur Otan» партиясы өз таңдауын жасады және біздер оны қолдаймыз, деді Айтуар Жүсіпбаев
Кәсіпорындағы күйдіру цехінің бастығы, қалалық мәслихат депутаты Виталий Голубенко өз сөзінде партия съезінің шешімі Елбасы саясатының жалғасатынын көрсетті.
- Еліміздегі тұрақтылық пен келісімді сақтау аса маңызды, дейді Виталий Голубенко. – Бұл әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі Елбасының тапсырмаларының тиімді жүзеге асуда. Сондықтан әрқайсысымыз азаматтық позициямызды танытып, 9 маусымда дауыс берейік.
Зауыттың сатып алу және логистика департаментінің бас инженері Жанасыл Батхолдиннің айтуынша, жаңа президент Елбасының ісін жалғастыруы тиіс.
Кәсіпорын еңбек ұжымының жиналысын «Қазақстан Алюминий» АҚ персонал жөніндегі вице-президенті Бегзия Ысқақова қорытындылап, баршаны 9 маусымда дауыс беруге шақырды.