Қазақстанның боксшылары арасынан алғашқы болып рингке көтерлген 60 кило салмақтағы Зәкір Сафиуллин үндістандық Шива Тхапамен ұтып, финалға шықса, жеңісті жолды 75 кило салмақтағы Бек Нұрмағанбет пен аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев жалғастырды. Бек қырғызстандық Еркін Әділбекұлын күмәнсіз ұтса, Қамшыбектің қарсыласы Үндістанның өкілі Сатиш Құмар жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Осылайша, Азия чемпионатының ақтық сынында ерлер арасында төрт боксшымыз өнер көрсетеді. Финалдық сайыстар ертең өтеді.