Спорт • 26 Сәуір, 2019

Қызылордалық боксшы Азия чемпионатында финалға шықты

808 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қызылордалық боксшы Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын 20 секундта ұтып, финалға шықты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордалық боксшы Азия чемпионатында финалға шықты

75 келі салмақтағы қазақстандық боксшы жартылай финалда түрікменстандық Нұрсахат Паззыевты ұтты. Жекпе-жек бар-жоғы 20 секундқа созылды. Құлахметтің тура сілтеген жалғыз жойқын жұдырығы қарсыласының мұрнын сындырып, төреші жарысты бірден тоқтаты.

Айта кетейік, Құлахмет ширек финалда өзбекстандық Исраил Мадримовті жеңген болатын. Ол кәсіпқой бокста екі жекпе-жек өткізіп, «Құбыжық» деген лақап атпен танылған боксшы. Міне, бүгін жартылай финалда да қарсыласын оңай ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан қоржынына үш қола медаль түскен болатын. Оларды Теміртас Жүсіпов, Василий Левит және Санатәлі Төлтаев алып келді.  

Жартылай финалға шыққан қазақстандық боксшылардың тізімі:  

Ерлер:

49 келі. Теміртас Жүсіпов - Дипак (Үндістан)

60 келі. Зәкір Сафиуллин - Шива Тхапа (Үндістан)

64 келі. Санатәлі Толтаев - Баходир Усмонов (Тәжікстан)

75 келі. Тұрсынбай Құлахмет - Нұрсахат Паззыев (Түркменстан)

81 келі. Бек Нұрмағанбет - Эркин Адылбек уулу (Қырғызстан)

91 келі. Василий Левит - Ким Хьен Кю (Оңтүстік Корея)

+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев  - Сатиш Кумар (Үндістан)

Әйелдер:

64 келі. Милана Сафронова - Дан Ду (Қытай)

69 келі. Дариға Шәкімова -Ниен Чин Чен (Қытай)

81 келі.  Фариза Шолтай - Пуджа Рани (Үндістан)

+81 келі. Ләззат Күнгейбаева - Сяоли Янг (Қытай).