«Барлық субұрқақтарды іске қоспас бұрын біз техникалық және тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Оған: шамдарды, музыка мен жарық беруді, құбырлардың жарамдылығын тексеру, сыртқы көріністі қалпына келтіру, сондай-ақ суды дайындау жатады. Іске қосылған соң мамандар жоспарлы тексерулер жүргізеді. Күн сайын сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін, 16:00-ден 17: 00-ге дейін техникалық үзіліс кезінде қоқыс жинау ұйымдастырылады» – деп мәлімдеді Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінде.
Ең үлкен субұрқақтар «Жерұйық» саябағында, «Астана-Бәйтерек» монументі жанында, Министрліктер үйі мен «Жастар» сарайының жанында орналасқан. Қаладағы субұрқақтар 1 мамырда іске қосылмақ.